Қазақстан мектептерінде трансформер-парталар пайда болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Қазақстан мектептерінде трансформер-парталар пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайлылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар мен «ауызсу фонтандары» қойылады. Әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады.

2023-2025 жылдары елімізде 401 мектеп салу жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.

Оның сөзіне қарағнада, жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,6 трлн теңге бөлінбек.

«Өңір әкімдері жыл соңына дейін жер учаскелерін бөліп, инженерлік коммуникацияларды жүргізу мәселесін мұқият ойластыруы қажет.

Жобаны іске асыру балалардың жақсы білім алуы үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты, Ұлттық жобаны мақұлдауды ұсынамын.

Оқу-ағарту министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, жобадағы іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуі қажет», - деді Премьер-Министр.


Соңғы жаңалықтар