Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мектептерінде мамандандырылған күзет болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бейнебақылау камералары, даладағы дәретханаларға қатысты Президенттен нақты тапсырма болды. Біз 1 қыркүйекке дейін мұның бәрін орындауға міндеттеме алдық. Біз мұның барлығын да жасаймыз», - деді ол.

Сонымен қатар вице-премьер білім ошақтарын видеобақылаумен жабдықтау мәселесіне тоқталды.

«Аталған видеокамераларды полиция бөлімшелерімен ықпалдастыруға қатысты айтсақ, бұл міндетті болады. Олар да не болып жатқанын біліп отыруы тиіс. Қазіргі уақытта біз аудан, облыс орталықтарына мектептегі күзеттің барлығын ведомстводан тыс күзетке ауыстыру қажеттігін айттық. Қазіргі уақытта негізінен мектеп күзетінде апалар мен аталар отырады. Нәтижесі өздеріңізге белгілі», - деді Б.Сапарбаев.


Соңғы жаңалықтар