Қазақстан мектептерінде күн энергиясы ілкі жобасы жүзеге асырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мектептерінде күн энергиясы ілкі жобасы жүзеге асырылады. Сәйкесінше меморандум бүгін Астана экономикалық форумы аясында рәсімделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы және «Шелл» компаниясы арасында рәсімделген меморандумның мақсаты - «Мектептерге күн энергиясы» пилоттық жобасын іске асыру. Жоба аясында Астана, Алматы, Ақтау, Атырау және Орал қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінде күн фотоэлектр жүйелерін орнату көзделген.

Меморандумға ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «НЗМ» ДБҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова және Қазақстандағы «Шелл» концернінің вице-президенті және төрағасы Оливье Лазар мырза қол қойды.

null«Мектептерге күн энергиясы» бастамасы Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытуға бағытталған ҚР Энергетика министрлігі мен «Шелл» компаниясы арасындағы табысты ынтымақтастық нәтижесінде туындады. Осы жобаны іске асыру еліміздің аймақтарында қуаты аз жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын қондырғыларды одан әрі қолдану үшін өзіндік платформаға айналатындығына сенеміз. Осылайша елде парниктік газдардың шығарындыларын азайту мен жаңартылатын энергия көздері саласында нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Үкіметтің жұмысына өз үлесін қосады деп үміттенеміз», - деді ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев.

nullАл Оливье Лазар «Шелл» және Қазақстан Республикасы арасында қалыптасқан өзара әріптестік  қарым-қатынасты жоғары бағалайтындығын жеткізді.

«Осы меморандум аясында біз күн фотоэлектр жүйелерін мектеп шатырларына қондыру бойынша ынтымақтастық жасайтын боламыз. Аталған жоба жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың жақсы үлгісі болады және болашақта еліміздің өзге аймақтарында да кеңінен тарауы мүмкін»,- деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Соңғы жаңалықтар