+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Қазақстан мектепке дейінгі білім беру бойынша үздік ондыққа кіреді- БҒМ

2019 жылғы 5 қазан 21:31
Бөлісіңіз:
Қазақстан мектепке дейінгі білім беру бойынша үздік ондыққа кіреді- БҒМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміз мектепке дейінгі білім беру бойынша алдыңғы елдер қатарында. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Арын Өрсариев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағанды облысында мектептер бейнебақылаумен қамтамасыз етіледі Қасым-Жомарт Тоқаев: Аймағамбетов ойлануы тиіс Энергетика саласында еңбек етсем деймін – Әміржан Армандиев

«Қазір біздің ел білім беру саласында әлем елдері арасында жоғары позицияда тұр. Нақты айтқанда, мектепке дейінгі білім беру бойынша Қазақстан үздік ондық елдердің қатарына кіреді. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Бұл дегеніміз «Балапан» бағдарламасының дұрыс жүзеге асырылуы, оған дәлел қазақстандық балалар 95% мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Сондай-ақ еліміз орта білім беру бойынша да жақсы көрсеткіштерге ие. Атап айтқанда, TIMSS халықаралық бағдарламасы бойынша біз үздік 30-дыққа кіреміз. Әрине шешілуі тиіс мәселелер жоқ емес» - деді А.Өрсариев елордада өткен ұстаздар күніне арналған мерекелік кеште.

Оның сөзіне сенсек, білім саласындағы күрделі мәселелердің бірі педагогтардың мәртебесі.

«Тәуелсіздік алғалы көптеген зерттеулер мен сараптама жасалды. Сол секілді түрлі зерттеулер нәтижесінде байқағанымыз бізде педагог мәртебесінің тиісті деңгейде болмауы. Сонымен қатар, біз мұғалімдердің жалақысы бойынша Орталық Азия бойынша біраз елдерден арттамыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, кеше елордада ұстаздар күніне орай «Qaldyrǵan iziń mángilik» атты мерекелік шара өтті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT