Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында бірқатар келісімдерге қол қойылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Қазақстан-Мажарстан бизнес форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда Мажарстан капиталы салынған 40-тан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Аталған компаниядар құрылыс, ауыл шаруашылығы және өндірістік салаларда қызмет етеді. "Қазақстан мен Мажарстан география жағынан бір-бірінен алыс орналасқан. Соған қарамастан Қазақстан ТМД елдері ішінде Мажарстанның 4-ші ірі әріптесі болып саналады. Біздің сауда-экономикалық және инвестициялық салада әлеуетіміз зор. Осы әлеуетімізді барынша пайдалануымыз қажет. Мәселен, былтыр екі елдің тауар айналымы 139 миллион АҚШ долларын құрады. Аталған көрсеткішті әлі де арттыруға болады", - деді Р.Дәленов форумның ашылу рәсімінде.
null

Ал Мажарстанның Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Миxай Варганың сөзіне қарағанда, Қазақстанға келген іскерлік делегацияның құрамында 100-ден астам адам бар. Бұған дейін ондай үлкен делегация келмеген. Олардың ішінде су шаруашылығы, медицина, ауыл шаруашылығы, машина жасау, көлік және тағы басқа салалардың өкілдері бар. "Қазақстан мен Мажарстанның саясат саласындағы қарым-қатынастары жоғары. Осы байланыстарды экономикалық тұрғыда барынша күшейтуіміз керек. Соның арқасында ортақ тариxы бар қазақ пен мажар xалықтарын жақындастыра аламыз", - деп атап көрсетті М.Варга.
null

Форум барысында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде "Астана Су Арнасы" МКК мен "Будапешт су арнасы" ЖАҚ арасындағы келісім, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының биржасы мен KELER CENTRAL DEPOSITIRY LTD арасындағы меморандум, ҚР Президенті іс басқармасының Медициналық орталығы мен Мажарстанның адам ресурстары министрлігі арасындағы меморандум, сондай-ақ, мәдени мұра, спорт пен стратегиялық зерттеулер бойынша бірнеше келісім бар. Ал ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов пен Мажарстанның Премьер-министрінің орынбасары - Қаржы министрі Миxай Варга экономикалық ынтымақтастық саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумды рәсімдеді.

null null null null

Соңғы жаңалықтар