Қазақстан-Македон өзара іс-қимылының жаңа бағыттары айқындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада сыртқы саяси ведомство басшылары орынбасарларының деңгейінде Қазақстан-Македон саяси консультациялары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко және оның македондық әріптесі Андрей Жерновский экономикалық дипломатия мен халықаралық аренадағы өзара іс-қимылға басымдық бере отырып, көпжақты ынтымақтастықты тереңдету және саяси саладағы әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылады.null

Кездесу барысында тараптар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстан қызметінің өзекті мәселелері, МАГАТЭ алаңындағы өзара іс-қимыл, Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесі, Орталық Азия мен Балкан өңірі арасындағы перспективалық өзара іс-қимылдар бойынша пікір алмасты.null

Тараптар Алматыда Македония құрметті консулдығының ашылуын жоғары бағалады.

«Біздің мемлекеттеріміз арасында қандай да бір саяси және өзге де сипаттағы келіспеушілік жоқ - бұл өз кезегінде екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты жандандыру мен кеңейтуге қолайлы алғышарттар қалыптастырады», - деді Р. Василенко.

 

Соңғы жаңалықтар