Қазақстан қыздар командасы Азия чемпионатында қола еншіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токиода семсерлесуден Азия чемпионаты жалғасуда. Бүгін командалық бәсеке өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Өкінішке қарай, қыздар арасындағы командалық сында қазақстандықтар Оңтүстік Кореяға есе жіберді. Атап айтқанда, жартылай финалдық бәсекеде 15:45 есебімен кореялықтар жеңіске жеткен болатын.

Ал қола медаль үшін өткен Қазақстан мен Жапония құрамалары арасындағы тартысқа толы матчта 35:45 есебімен жарыс қожайындары алға шықты. Дегенмен, біздің команда турнирдің қола жүлдегері атанды.Үшінші орын үшін талас нақты олимпиадалық рейтингті анықтау үшін өткізілді.

Азия чемпионатында Қазақстан атынан Әйгерім Сарыбай, Тамара Почекутова, Татьяна Приходько және Айбике Хабибуллиналар сынға түсті.

Соңғы жаңалықтар