Қазақстан Қытаймен сауда-саттықтың жаңа форматын енгізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан Қытаймен сауда-саттықтың жаңа форматын енгізеді. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қытай пандемия уақытында Қазақстан үшін экспорттық қызығушылық тудырған ең ірі нарықтардың біріне айналды. Көптеген шетелдік компания ол жақтан кетті және қытай нарығы Қазақстан үшін өте тартымды. Бірінші – бұл ауыл шаруашылығы. Яғни, біздің негізгі қызығушылығымыз – қытай сатып алушыларының қажеттілігін қанағаттандыру. Қытай ет өңдеушілері қауымдастығымен кездестім. Осы кездесуде бір қызық апарат болды. Егер, әрбір қытайлық күнделікті тағам мөлшерінде ет тұтынуды 50 граммға арттырса, онда Қытайдың 1 жылдағы ет импорты 25 млн тоннаға артады», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, Қытай аумағында өңдеуші кәсіпорындар құрылысымен айналысатын компаниямен келісімшарт жасалған.

«Олар бізге Қазақстанда аймақ құруды, оған Қытайда тұтынылатын түрлі өнімдерді өндірушілерді орналастыруды, экспорт алдындағы тексеру жүргізуді ұсынады. Зертханалар, техникалық реттеу, барлық лицензиялар сол жерде болады. Яғни, Қазақстан аумағында машина не контейнер мөрленіп, Қытай аумағындағы сатып алушыларға тоқтаусыз текізіледі. Бұл сауда-саттықтың жаңа форматы. Біз оны Қытаймен тәжірибеден өткіземіз. Оларда әлемнің өзге бірде-бір еліммен мұндай жоқ. Біз соған қол жеткізе алдық. Мұны Қазақстан Үкіметі тарапынан ілгерілеушілік дер едім», - деді Қайрат Төребаев.


Соңғы жаңалықтар