Қазақстан Қытайға өсімдік және зығыр майын экспорттайтын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қытайлық Grand China Business Management LTD., CO. және China SDIC International Trade Co., Ltd өкілдерімен кездестi.

Бұл туралы ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан экспорттайтын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін ұлғайту, соның ішінде өсімдік және зығыр майын экспорттау туралы келісімге қол жеткізді.

null 

Кездесу барысында екі ел арасындағы инвестициялық портфельді кеңейту мәселелері қаралды. Атап айтқанда Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен қытайлық әріптестер Қазақстандағы жобаны жүзеге асыру мәселесін қытайлық талаптар мен жеңілдіктерге сәйкес келетін майлар өндірісі үшін әзірлейді.

Сондай-ақ, өзара сауда және инвестиция көлемін ұлғайту мақсатында «ҚАЗАГРО» АҚ мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ қытайлық серіктестермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

null 

Соңғы жаңалықтар