+7 (701) 759 90 19
USD 376.84 EUR 407.97
RUB 5.91 CNY 53.80
Jańalyqtar

Қазақстан  Қытайға құрғақ түйе сүтін экспорттайды

2019 жылғы 16 қыркүйек 19:03
Бөлісіңіз:
Қазақстан  Қытайға құрғақ түйе сүтін экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау мәселесі бойынша жасалған келісімдер жайында мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысы ет экспорттаудан республикада көш бастады Ақмола облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді АШМ төрт жылдың ішінде қазақстандық алманы отандық нарыққа қайтаруды көздеп отыр

ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің басқарма басшысы Азамат Забековтің айтуынша, өткен жылы Түркістанда түйе сүтін қайта өңдейтін зауыт іске қосылған. Аталған өндіріс ошағының жобалық қуаты тәулігіне 100 тоннаға дейінгі өнімді құрайды.

«Бұл жобаның түйе шаруашылығы мен жылқы шаруашылығын дамытуда маңызы өте зор. Түйе сүтін өңдеп, кептіріп, қытай нарығына экспортқа шығару жоспарланып отыр. Жоба Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының түйе сүтін өндірушілерінің басын біріктіретін болады. Сонымен қатар Маңғыстау облысындағы түйешілеріміздің де мүмкіншілігін жұмылдыру жоспарда бар. Ол жақта сүтті құрғататын жеке цех ашу жоспарланған. Одан кейін құрғақ сүт зауытқа әкелініп, қапталып, нарыққа жеткізіледі», - деді Азамат Забеков Ауыл шаруашылығы министрлігінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, түйе сүті ұнтақ түрінде экспортқа шығарылады.

«Барлық технологиялық құрылымы қазірдің өзінде жасақталған. Жергілікті бренд те құрылды. Айталық, «Саумал« брендін Ресей нарығына шығарудамыз. Аталған өнімнің Қытай нарығындағы бағасы жоғары. Меніңше, бұл біздің фермерлер үшін қосымша табыс көзі болмақ», - деді ол.

Ведомство мәліметінше, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында мал шаруашылығы өнімдері, сүт өнімдері жүн-тері бойынша хаттамаға қол қойылған. Қол қойылған хаттамалар қазақстандық өнімдерді қытай нарығына шығаруға мүмкіндік береді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT