Қазақстан Қытайға бір жылда 30 тоннадан астам төмен байытылған уран экспорттады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр қазақстандық «Үлбі-ЖБҚ» серіктестігі Қытайға 30 тоннадан астам төмен байытылған уран экспорттады. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Ержан Мұқанов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңіз білетіндей, 2021 жылы «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС АЭС ракторларына арналған жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) шығаратын зауыты пайдалануға берілді. Былтыр желтоқсанда кәсіпорын алғашқы өнімін шығарды. Атап айтқанда, 2022 жылы зауыт Қытайға 30 тоннадан астам жылу бөлгіш құрамалар түріндегі төмен байытылған уранды экспорттады. Өнімдерді Қытайдың «CGNPC-URC» корпорациясы қабылдады. 2024 жылы зауыт жылу бөлгіш құрамалар түрінде 200 тонна уран өндіреді деп жоспарланып отыр», - деді Ержан Мұқанов

Сонымен қатар ол брифинг барысында келер жылдың ортасында Түркістан облысында күкірт қышқылы зауытының құрылысы басталатынын мәлім етті. Бұған қоса, өткен жылы Қазақстанда уран өндірісі 3% төмендегені белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар