+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Қазақстан Қытайдан келетін барлық азаматтар үшін карантин тәртібін енгізді

2020 жылғы 20 ақпан 16:24
Бөлісіңіз:
Қазақстан Қытайдан келетін барлық азаматтар үшін карантин тәртібін енгізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға келетін азаматтар үшін енгізілетін карантин тәртібін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдегі 41 мемлекет Уханьнан келгендерге ғана емес, бүкіл Қытайдан келген азаматтар үшін карантин тәртібін енгізіп жатыр. Біз де бүгіннен бастап Қытайдағы инфекцияның таралу қаупінің алдын алу үшін осы шараны қабылдадық», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар министрдің айтуынша тағы бірқатар елде инфекцияның қарқынды түрде таралып жатқан жайы бар.

«Сол себепті санитарлық дәрігердің қаулысында эпидемиялық тұрғыда жайсыз елдерді екінші санатқа кіргіздік. Ол елдердің қатарына 10 пациенті бар мемлекеттер ғана емес, ауруды жұқтыру сипаты жағынан ерекшеленген елдер де енгізілді. Осыған байланысты бірқатар елдерге назар аударып отырмыз. Медициналық қызметкерлер 14 күн мониторинг жасайды. Кез келген азамат шекараны кесіп өткен кезде біз оның мәліметтерін тұрғылықты мекенжайы бойынша ауруханаларға тапсырамыз», - деді ол.

Егер шетелдік азамат Қазақстан аумағына келсе, ол жатқан қонақ үйге медициналық қызметкер келіп, температурасын өлшеп, жағдайын бақылауға алады.

«Бұдан кейін қашықтықтағы мониторинг қоңырау арқылы жүргізіледі. Бұл шаралардың бәрі де ең алдымен азаматтардың өз денсаулығы үшін жасалуда. Ең бірінші кезекте халық денсаулығы үшін қолға алынған жұмыстар легі – осы», - деді Елжан Біртанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT