Қазақстан-Қытай туралы байқау: Үздік 25 автор марапатталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы туралы эссе байқауының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамыр айында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қытай Халық Республикасының Елшілігі «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және «Нұрлы жол» бағдарламасы. Өзаратиімді өсім мен өркендеу траекториясы» тақырыбында байқау жариялаған болатын.

Конкурсқа бұрын жарияланбаған Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың тарихы мен стратегиялық басымдықтарына,  XXI  ғасырдағы Ұлы Жібек жолының жаңғыруына, қазіргі әлемдегі Қазақстан мен Қытайдың гуманитарлық миссиясына арналған сараптамалық материалдар қабылданды және түрлі номинациялар бойынша 25 үздік мақала анықталды.

    Байқау нәтижесінде 61 жастағы ақтөбелік журналист Мирал Жармұхамбетов жүлделі бірінші орынды жеңіп алды.null

«Байқау туралы ҚазАқпарат агенттігінің сайтынан оқыдым. Бұл мені қатты қызықтырды, себебі Қытай туралы көп нәрсе айтқым келеді. Балалық шағымда-ақ, әдемі Қытай картиналарына тамсанушы едім. Ақтөбеде тарихы 200 жылдан асатын ескі жәрмеңке болды, Ұлы Жібек жолының бір жолы осы жәрмеңкеге келіп тірелетін. Бұл туралы талай жазғанмын. Бүгінгі таңда Батыс Еуропа - Батыс Қытай жолы облысымыз арқылы өтеді. Осының барлығын эсседе көрсетуге тырыстым», - деді жеңімпаз журналистерге берген сұхбатында.

nullЖүлделі екінші орын астаналық Серік Пірназар, Садық Әкижанов және Абай Сахановқа берілді. Сонымен бірге, түркістандық Юлия Лимаренко,  алматылық Дәурен Дүйсебаев және шығысқазақстандық Нұрлан Әліпбаев, солтүстікқазақстандық Владимир Воронцов және астаналық Олжас Бейсенбаев республикалық эсселер байқауының үшінші орнына ие болды.

null«Үздік эссе» аталымы бойынша Арнұр Рахымбеков, Нұрәділ Бегімбетов, Тамара Исмагулова,  Бақытжол Кәкеш, Тәттігүл Кажымұратқызы, Жанкелді Қаржан, Асан Құмарханов, Виктор Минин, Ләйлә Ноғайбекқызы, Ирина Волкова марапатталды және байқауға белсенді қатысқаны үшін Ольга Шишанова, Мұратбек Мақұлбеков, Николай Жоров, Бота Ибраева және Галина Скрипникке алғыс хаттар табысталды.

null

Соңғы жаңалықтар