Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункттері 1-3 қазан аралығында жұмыс істемейді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктері 2022 жылдың 1-3 қазаны аралығында жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Мемлкеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде азаматтардың, көлік құралдары мен жүктердің өткізілмейтінін хабарлайды.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмыс істеп тұрады.

«Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар