Қазақстан-Қытай шекарасында құны 60 млн теңгенің контрабандалық заты тәркіленді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» өткізу пунктінде экономикалық тергеу қызметі облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің кеденшілерімен бірге аса ірі көлемде экономикалық контрабанданың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетіне сілтеме жасап.

Кедендегі тексеру шаралары барысында құны 60 млн теңгеден асатын халық тұтынатын тауарларға декларация толтырылмағаны анықталды. Бұл тауарлардағы кеден төлемдері мен салық көлемі 13 млн теңге құраған. Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі тарапынан ҚР ҚК 234 бабы, 2 бөлігі, 4-ші тармағы бойынша сот алды тергеу басталды. Жалпы облыс аумағында экономикалық тергеу қызметі кедендік заңбұзушылық бойынша былтыр 47 істі сотқа жіберген.

Соңғы жаңалықтар