Қазақстан-Қытай сауда айналымы 18 млрд долларға жетті
2018 жылғы 7 ақпан 11:52

Қазақстан-Қытай сауда айналымы 18 млрд долларға жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2017 жылы Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы сауда айналымы 18 млрд долларға жетті. Бұл туралы Қытайдың Алматыдағы Бас консулы Чжан Вэй айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2017 жылды қорытындылаған Бас консул Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үшін өткен жыл нәтижелі болғанын атап өтті.

«Қазақстан үшін де, Қытай үшін де 2017 жыл нәтижелі болды. Біз былтыр екі елдің дипломатиялық қатынасының 25 жылдығын атап өттік. Қазақстан қысқы Универсиаданы сәтті өткізді, біз оған Қытай тарихында болмаған студенттердің ең көп делегациясын жібердік. Қытай Республикасының мәліметі бойынша екі елдің сауда айналымы 2017 жылы 18 млрд долларға жетті, ол 2016 жылмен салыстырғанда 37,4 пайызға жоғары», - деді Бас консул.

Сондай-ақ Чжан Вэй өз құзырының аясына кіретін консулдық округте екі ел арасында жүзеге асып жатқан бизнес жобалардың жартысы орналасқанын айтты.

«Консулдық округке 4 облыс, 1 қала кіреді. Олар: Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы. Индустрияландыру аясындағы екі елдің жалпы сомасы 27 млрд доллардан асатын 51 ірі жобасының жартысы менің округіме тиесілі» ,- деді Бас консул.

Бас консул болашақта жылына 700 млн турист Қытайдан шетелге шығатынын айтты.

«2017 жылы Қытайдан 129 млн адам шетелге шықты. Болашақта жылына 700 млн турист шығады деген болжам бар. Бұл Қазақстан үшін туризмді дамытудың бір мүмкіндігі және Қазақстан Орталық Азияға шығатын туристік транзит бола алады», - деді ол.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT