Қазақстан Қытай мен Орталық Азия елдерін балама энергетиканы дамыту бойынша технологиялар алмасуға шақырды
2022 жылғы 25 қаңтар 16:14

Қазақстан Қытай мен Орталық Азия елдерін балама энергетиканы дамыту бойынша технологиялар алмасуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Орталық Азия елдерін балама энергетиканы дамыту бойынша технологиялар алмасуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономикалық белсенділіктің пандемиядан кейінгі қалпына келуі орнықты дамудың жаңа модельдерін енгізуді талап етеді. Қазақстан экономиканы карбонсыздандырудың жолына түсіп үлгерді және 2060 жылға қарай көмірсутек бейтараптығына қол жеткізуге ниетті», - деген Президент бұл бағытта қысқа мерзімді жоспарлар да бар екенін айтты.

«Соның ішінде 2030 жылға қарай баламалы көздердің елдің энергия теңгеріміндегі үлесін 15 пайызға дейін жеткіземіз. Бұл істе де өзара тығыз әрекетті жолға қойып, сала бойынша жетекші технологиялар алмасуды ұсынамыз. Қазақстан үшін Қытайдың тәжірибесі маңызы аса зор мәнге ие» - деді Мемлекет басшысы «Орталық Азия – ҚХР» саммитінде.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысуда.

Саммитке ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жаппаров, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон бейнеконференция режимінде қатысып отыр.


Jańalyqtar

MURAǴAT