Қазақстан-Қытай кеден статистикасындағы сәйкессіздік 45%-ға дейін төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдірді. Комитет төрағасы Марат Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен жатқан баспасөз мәслихатында осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолға алынған шаралардың арқасында тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігі 73%-ды құрады. 53,5 мың заңбұзушылық анықталды. Кедендік тексерулердің жалпы тиімділігі 51%-ды құрайды», - деді ол.

Комитет бастығы инспекциялық жабдықпен бақылау-өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды бақылау үшін құрылған Ахуалдық орталық ойдағыдай жұмыс істеп тұрғанын атап өтті. Сонымен қатар рентгендік кескіндерді талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда. Кедендік құнын бақылауды орталықтандыру және сыртқы сауда жүктерін материалдық-техникалық жабдықтау шығындарын оңтайландыру мақсатында «Электрондық декларация орталығы» құрылған.

«Бұл жаңашылдықтардың нәтижесінде түсім 25 миллиардтан астам теңгені құрады. Кедендік әкімшілендіру шараларын күшейту арқылы біз Қытаймен кедендік статистиканың сәйкессіздігін 2017 жылы 60% -дан, 2019 жылы 48% -ға, ал 2020 жылы 45% -ға дейін төмендете алдық», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар