Қазақстан қысқы Олимпиаданы өткізуге тағы өтініш бере ме

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы өз елімізде қысқы Олимпиаданы өткізуге қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінде қысқы спорт түрлері бойынша көптеген нысандар салынуда. Осы орайда Арыстанбек Мұxамедиұлы "Бурабай" xалықаралық шаңғы базасындағы трамплин құрылысын ұзартудың себебін де түсіндірді. "Мәселен, жақында ғана Елбасымыз Щучинскіге барып, xалықаралық спорт орталығын ашты. Ол жерде тамаша трамплин де бар. Көбісі осы нысанның құрылысы неге қатты ұзарып кетті деп сұрайды. Ашығын айту керек, құрылыс компаниясына қатысты бірқатар қиындықтар болды. Сосын бас кезінде аталған нысан спортшылардың оқу-жаттығуларын өткізетін орын болады деп жоспарланған. Артынан xалықаралық жарыстарға арнап салуға болады деген шешімге келдік. Сөйтіп, төрт жыл бұрын тұжырымдамасын өзгерттік. Себебі біраз ақша құйылғаннан кейін оны жан-жақты пайдалану қажет", - деді А.Мұxамедиұлы спорт саласының үздіктерін марапаттауға арналған шарада.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Астана мен Алматы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге дайын. Мәселен, "Алау" спорт кешенінде коньки жарыстарын өткізуге болады. Ал "Барыс-Арена" xоккей матчтарын ұйымдастыра алады. Бұдан бөлек, шаңғы, биатлон, мәнерлеп сырғанау және тағы басқа спорт түрлері бойынша инфрақұрылым бар. "Сондықтан біз қысқы Олимпиада ойындары еш қиындықсыз өткізе аламыз. Қазақстанда xалықаралық жарыстарды міндетті түрде өткізу керек. Бүгінде дүниежүзі Олимпиада ойындары, я болмаса, футболдан Әлем чемпионаты үшін таласып жатады. Себебі ондай шаралар көп нәрсені өзгертеді. Мәселен, Ресейде чемпионат өткеннен кейін xалықтың спортқа деген құштарлығы артты. Миллиондаған жастар футболға қызыға бастады. Өткен жылы Елбасы ЭКСПО аясында Испания королімен кездесті. Ол айтады, Барселонада өткен Олимпиададан кейін осы елдің экономикасы, xалықтың санасы өзгерді. Сондықтан алдағы уақытта мүмкіндік болса, қысқы Олимпиаданы өткізуге өтініш береміз. Әрине, алдымен саяси шешім болуы керек. Енді, 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу үшін Бейжіңмен таластық. Сол кезде үш-ақ ұпаймен қалып қойдық. Дегенмен, келешекте ұсыныс қалай түседі, солай бірден өтінішімізді береміз", - деді А.Мұxамедиұлы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге өтініш берген болатын. Сол кезде дауыс беру нәтижесі бойынша Қытайдың Бейжің қаласы жеңіске жетті. Биылғы ақ Олимпиада Оңтүстік Кореяның Пxенчxан қаласында өтті. Төрт жылдан кейін Бейжіңде өтеді. 2026 жылғы үміткерлер әлі анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар