Қазақстан Қырғызстаннан жеміс-жидек пен көкөніс кіргізуге рұқсат берді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат-Кабар - Қазақстан Қырғызстаннан жеміс-жидек пен көкөніс әкелуге салынған тыйымды алып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі және мелиорация министрлігі баспасөз қызметінің дерегі бойынша, бұл шешім 13-14 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында Қырғызстан мен Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрліктері өкілдерінің арасында өткен келіссөз қорытындысы бойынша қабылданған.

«2019 жылдың 22 мамырынан бастап қазақстандық тарап 2019 жылдың 19 ақпанында Қырғызстан аумағынан Қазақстанға азық-түлік және картоп, алма және құрма тұқымын әкелуге салынған тыйым түріндегі енгізілген уақытша карантиндік фитосанитарлық шараны тоқтатады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар