USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды

2021 жылғы 8 желтоқсан 16:34
Бөлісіңіз:
Қазақстан Қырғызстанға 1 мың автобус экспорттайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы – Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаровпен кездесті. Кездесуде Қырғызстанның Қазақстанда шығарылған автокөлік құралдарын сатып алуы туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Құжатқа Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қырғыз Республикасының экономика және коммерция министрі Данияр Амангелдиев, Бішкек қаласының мэрі Айбек Джунушалиев және «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қол қойды.

Меморандум 2022 жылы Қырғызстанға лизинг шартымен Қазақстанда шығарылған Yutong маркалы 1 мың бірлік электрлі, газ және дизельмен жүретін автобустарды және 100 бірлік арнайы техниканы жеткізуді көздейді.

Бұл ретте автобустар жолаушылар көлігі қозғалысын диспетчерлендірудің электрондық жүйесімен және ONAY PAY жол ақысын төлеудің автоматты жүйесімен жарақтандырылады.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT