Қазақстан Қырғызстан аумағында жоғары вольтті желінің құрылысының жобасына қатысу мәселесін қарастыруда

None
None
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Қырғызстан аумағында жоғары вольтті желінің құрылысының жобасына қатысу мәселесін қарастыруда. Бұл туралы бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ құрамындағы еншілес компаниялардағы партиялық ұйымдардың бірінші басшыларының отырысында «КЕГОК» АҚ-ның басқарма төрағасы Қанат Бозымбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық аясында қазіргі уақытта компания Энергетика және минералды ресурстар министрлігімен бірлесе Қазақстан мен Қырғызстан арасында аймақаралық байланыс құрылғысы бойынша аталған елде жоғары вольтті желінің құрылысының жобасына қатысу мәселесін қарастыруда. Осыған байланысты Орталық Азия өңірінде 500 киловольт жаңа энергетикалық сақинасын  қалыптастыру қажеттілігі қаралуда»,-деді Қ. Бозымбаев.

 Аталған жиынға «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов, «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы Қайыргелді Қабылдин қатысты.

Соңғы жаңалықтар