Қазақстан құтқарушыларын апарған бортпен Түркиядағы 16 қазақстандық елге қайтады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан құтқарушыларын апарған бортпен Түркиядан 16 қазақстандық және 2 Қырғыз Республикасының азаматы Астанаға жеткізіледі. Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде осындай дерек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы бортпен елге қайтуға ниет білдірген бірқатар азаматтарымызды Қазақстанға әкелу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша, 18 адам елге қайтуға ниет білдірді. Қазақстанның 16 азаматы және Қырғызстанның 2 азаматы бар. Аталған борт Астанаға келеді деп күтіліп отыр. Ұшу уақыты қосымша хабарланады», - деді Айбек Смадияров.

Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2 921 адам екені хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, апатан зардап шеккендер саны 3 419-ға жеткен.

Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ 41 құтқарушысы апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға жетті.

Қазіргі таңда Түркияда қалған Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге әкету шаралары жүргізіліп жатыр. Елге қайтамын деген Қазақстан азаматтары 7 ақпан сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп, дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек.

Айта кетсек, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Фото: gov.kz


Соңғы жаңалықтар