Қазақстан құтқарушылары әлем чемпионатына қатысып жатыр

None
САМАРҚАНД. ҚазАқпарат - Өзбекстан Республикасының Самарқанд қаласында өрт-құтқару спортынан ерлер арасында XVII, әйелдер арасында VІII әлем чемпионаты салтанатты жағдайда ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Түркия, Ресей, Иран, Қытай Халық Республикаларынан 11 ұлттық ерлер командасының құрамасы және Қазақстан, Өзбекстан, Беларусь елдері мен Ресей Федерациясынан 4 ұлттық әйелдер командасының құрамасы қатысады.

«Біздің еліміздің намысын ерлер мен әйелдер командасындағы әлемдік деңгейдегі спортшылар қорғайтын болады. Чемпионат аясында өртке қарсы авариялық-құтқару жабдықтарының халықаралық көрмесі, өртті сөндіру және алдын алу саласындағы нанотехнологиялардың көрсетілімі ұйымдастырылды», - деп жазды ТЖМ баспасөз қызметінен.

Бұл іс-шараның мақсаты - өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығын дәріптеу, кәсіби және спорттық шеберлікті арттыру, достық байланыстарды нығайту, түрлі елдердің өрт сөндіру-құтқару қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайту және халықаралық деңгейде өрт сөндіру-құтқару спортын одан әрі дамыту.


Соңғы жаңалықтар