+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылды

2019 жылғы 23 қазан 10:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының (МЭБ) ресми сайтында Қазақстан құс тұмауынан таза ел деп танылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Бұл - Қазақстан Республикасының барлық ветеринарлық қызметінің, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты ұжымдарының үлкен еңбегі. Құс шаруашылығы саласы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің маңызды құрамдас бөлігі, оның негізгі бағыттары — жұмыртқа және ет өнімдері» делінген хабарламада.

Құс тұмауынан таза ел мәртебесі еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін іске асыруға үлкен мүмкіндік береді және Қазақстанның экономикалық дамуы мен имиджіне оң әсерін тигізетіні анық.

«Мұны Мемлекет басшысының жаңа нарықтарды ашу туралы тапсырмасын орындау мақсатында атқарылған жұмыстардың алғашқы көрінісі деп атауға болады» дейді минитсрліктен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT