Қазақстан құс етінен басқа мал шаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр -А. Мамытбеков

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан құс етінен басқа мал шаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты толық қамтамасыз етіп отыр.

Бүгін «Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» атты тақырыпта өткен Парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, былтырғы жылы елімізде сиыр етін өндіру 373,5 мың тоннаны, қой еті -153,8 мың тоннаны, шошқа -192,7 мың тоннаны, жылқы еті - 85,1 мың тоннаны, құс етін өндіру - 123,1 мың тоннаны құраған. Ал сүт өндірісі 4851,6 мың тоннаға жетті.

«Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2012 жылы мал шаруашылығы саласында 1 трлн. теңгеден астам өнімдер өндірілді. 2011 жылмен салыстырғанда саланың өсім қарқыны 4 пайызға төмендеген. Сонымен бір мезгілде, мал шаруашалығының үлесі ұдайы өсім үстінде. 2012 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы өндірілген өнім өсімдік шаруашылығынан басым түсті. Екі саладағы өндірілген өнімдер бойынша мұндай қатынастық көрсеткіштерге тәуелсіздік жылдары ішінде алғаш рет қол жетіп отырғанын атап өту керек», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар