Қазақстан құрамасының тағы бір ойыншысы «Астанадан» кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков «Астанамен» қош айтысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» футбол клубы мәлім еткеніндей, ойыншымен келісімшарт мерзімі аяқталған.

С.Мужиков елордалық клубқа 2014 жылы келді. Сосын «Қайсарға» ауысып, «Астанаға» қайтып оралды.

Осы жылдары жартылай қорғаушы «Астана» құрамында 189 матч өткізіп, 19 гол соқты, 31 рет нәтижелі пас берді.

Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанған Серікжан сондай-ақ Еуропа чемпиондары лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңдерінде өнер көрсетті.

«Астана» футбол клубы С.Мужиковқа алғысын білдіріп, алдағы спорттық жолында сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Муртазаевтың «Астанадан» кеткенін жазған болатынбыз.

Фото: fcastana.kz




Соңғы жаңалықтар