+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайсарға» ауысты

2020 жылғы 17 ақпан 18:10
Бөлісіңіз:
Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайсарға» ауысты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорданың «Қайсар» командасы қатарына Қазақстан құрамасының ойыншысы Могамед Парагульгов қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ағылшын футбол клубтары коронавирус салдарынан 1,3 млрд  еуродан айырылмақ Қазақстан құрамасының футболшысы «Қайсарға» ауысты Қазақстанда жаңа футбол клубы құрылды

Могамед Парагульгов 1994 жылдың 26 наурызында Алматыда дүниеге келген. Алматы футболының түлегі үлкен футболдағы алғашқы қадамын 2015 жылы Семейдің «Спартак» клубында бастап, одан кейін Алматының «Қайрат», Павлодардың «Ертіс» клубтарында доп тепкен. 2018 жылдан бастап ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді.

Сондай-ақ, «Қайсар» қатарына хорватиялық футболшы Иван Пешич қосылды. 1992 жылдың 6 сәуірінде дүниеге келген футболшы Хорватияның «Хайдук», «Шибеник», «Задар», «Сплит», Австрияның «Аустрия» (Клагенфурт), Румынияның «Динамо» (Бухарест) командаларының намысын қорғады. Былтыр Қарағандының «Шахтері» құрамында 33 ойында 8 голдың авторы атанды.


Бұдан бұрын «Қайсар» басшылығы қорғаушылар - Елдос Ахметов және Бағдат Қайыров, грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидзе, кабо-верделік жартылай қорғаушы Алвин Фортес, украиналық қорғаушы Ризван Аблитаров, мозамбиктік Файфе Режиналдо, ресейлік Алексей Шумскихпен келісімшартқа отырған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қызылорда облысы, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT