Қазақстан құрамасының ФИФА-ның жаңа рейтингіндегі орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрамалардың рангі туралы өткен табельмен салыстырғанда Қазақстан ұлттық құрамасы бұрынғы орнында, 118-орында қалды. Тізімде әлі де Бельгия құрамасы көш бастап тұр.

Бұрынғы КСРО елдері құрамаларының ФИФА рейтингіндегі орны мен ұпайлары:

24. Украина — 1537 ұпай

38. Ресей — 1470

85. Өзбекстан — 1286

87. Беларусь — 1283

91. Грузия — 1267

96. Қырғызстан — 1240

102. Армения — 1213

104. Эстония — 1202

114. Әзербайжан — 1177

118. Қазақстан — 1155

121. Тәжікстан — 1152

129. Түрікменстан — 1107

131. Литва — 1089

137. Латвия — 1079

175. Молдова — 959.


Соңғы жаңалықтар