Қазақстан құрамасының Еуропа-2018 чемпионатындағы қарсыластары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцариялық Ньонде 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа-2018 Чемпионатының іріктеу раундына жеребе тасталды.

 Оның қорытындысына сәйкес, Қазақстан құрамасы 13 топқа түсіп, Словакия, Уэльс және Түркия командаларымен ойнайтын болды.

Қазақстан құрамасы спортшыларының қатысуымен Еуропа-2018 чемпионатының іріктеу раундының матчы Антальяда 2017 жылдың 7-13 қараша аралығында өтеді.

Элиталық раундқа әр топтан екі командадан шығады, сондай-ақ  үшінші орын алған 4 үздік құрама ойнайды. Финалдық турнир 2018 жылдың мамыр айында Англияда өтеді, деп хабарлайды sports.kz.

Соңғы жаңалықтар