Қазақстан құрамасының дзюдошылары іріктелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында дзюдо күресінен 2001 - 2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында Қазақстан өз мәресіне жетті.

Оған еліміздің әр түпкірінен 15 команда қатысып, 454 жас спортшы өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша ел біріншілігінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары көш бастады. Екінші орынды Алматы облысынан келген балуандар жайғасты. Ал үздік үштікті Алматы қаласынан келген жасөспірімдер қанжығаларына байлады.

Бұл чемпионаттың өзге жарыстардан артықшылығы сыннан сүрінбей өтіп, жеңіс тұғырынан көрінген балуандар еліміздің жасөспірімдер құрамасына таңдалып алынды. Үздік атанған балуандар енді алдағы уақытта ұлттық құрама халықаралық додаларда ел намысын қорғайтын болады.

Айталық, ел біріншілігінде топ жарған спортшыларымыз енді 12 -13 қараша күндері Словенияның Градек қаласында өтетін халықаралық турнирге қатысады.

Соңғы жаңалықтар