Қазақстан құрамасының дәрігері допингке жол берді деп айыпталуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық биатлонистер одағы (IBU) қазақстандық команданың дәрігері Қосылбек Тағаевқа салынған санкцияларды жария етті. Оған допингке қарсы шараларды жүзеге асыруда заңсыздықтарға жол берді деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат IBU  ұйымының сайтына сілтеме жасап.

IBU ұйымы таратқан баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Италиялық полиция қызметкерлерінің қаңтар айында Антхольцте жүргізген тінту жұмыстары кезінде Тағаевтың бөлмесінен бірқатар медициналық препараттар мен оларға арналған құтылар тәркіленген. Олардың арасынан жарыста қолдануға тыйым салынған Преднизалон препараты бар болып шыққан.

Ұйымның талаптары бойынша, Қазақстан құрамасының дәрігері 2018 жылдың 7 наурызына дейін IBU аясында кез келген жарысқа қатысудан шеттетілген. Енді Қазақстанның ұлттық федерациясы да Тағаевтың қызметін тоқтатуы керек.

Бұл мәселе бойынша кезекті шешімді IBU ұйымының допингке қарсы комиссиясы қабылдайды.

Соңғы жаңалықтар