Қазақстан құрамасының бұрынғы бапкері бельгиялық команданы басқаратын болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк бельгиялық «Мускрон» клубымен жұмыс жасайтын болады, деп хабарлайды Sports.kz DH.be сайтына сілтеме жасап.

«Мускронның» директоры Юрген Ребер дәл осы лауазымға Шторкты таңдайды деп күтілуде, алайда клуб басқа да үміткерлерді қарастыруда. Олардың қатарында «Мускронның» экс-футболшысы Аднан Чустович бар. Спортшы бұған дейін бельгиялық «Остенде» командасының бапкері болып жұмыс жасаған.

Еске салайық, Бернд Шторк Қазақстанда 2008-2011 жылдар аралығында бапкер болған. 55 жастағы маман «Алматы» және «Цесна» клубтарымен, сондай-ақ, Қазақстанның жасөспірімдер, жастар мен ұлттық құрамаларымен жұмыс жасаған.

Шторк бастаған Қазақстан ұлттық құрама 2008 жылдан 2010 жылға дейін 14 матч өткізіп, 3 рет жеңіп, 11 рет жеңіліске ұшыраған еді.

Соңғы жаңалықтар