Қазақстан құрамасынан алғашқы боксшы әлем чемпионатының финалына шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында ерлер арасында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Санжар Тәшкенбай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақта Ресейдің төрт мәрте чемпионы Эдмонд Худоянмен қолғап түйістірді.

Тартысты өткен бәсекеде Санжар басым болды.

Есеп 5:0, Санжар Тәшкенбайдың пайдасында.

Бүгін тағы төрт боксшы финалға шығу үшін сынға түседі.

Еске сала кетейік, бүгін бес қазақстандық боксшының әлем чемпионатының финалына шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар