Қазақстан құрамасына шақырылған футболшылар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасы қарсаңында оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан футбол федерациясы мәлім еткендей, маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының үшінші жарысына қатысады. Ұлттық құрама алдағы айда Әзербайжан, Словакия (2 рет) және Беларусь футболшыларымен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиыны 24 мамыр күні елордада басталады.

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Стас Покатилов («Ақтөбе»).

Қорғаушылар: Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров (барлығы – «Тобыл»), Юрий Логвиненко, Темірлан Ерланов (екеуі де – «Ақтөбе»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Елдос Ахметов («Тараз»), Михаил Габышев («Шахтер»), Талғат Көсепов («Астана»).

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Владислав Васильев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Аслан Дарабаев, Исламбек Қуат (екеуі де – «Астана»), Думан Нәрзілдаев («Каспий»), Тимур Досмағамбетов («Шахтер»), Ян Вороговский («Моленбек», Бельгия), Ғафуржан Сүйімбаев («Ақсу»), Эльхан Астанов («Ордабасы»), Бауыржан Байтана («Тараз»), Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов (барлығы – «Ақтөбе»).

Шабуылшылар: Артур Шушеначев («Қайрат»), Абат Айымбетов («Астана»), Айбар Жақсылықов («Тобыл»), Абылайхан Жұмабек («Тараз»).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан ел чемпионы «Тобылдың» бас бапкері қызметінен кеткенін, ел құрамасының Ұлттар лигасындағы ойын кестесі жарияланғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар