Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы жеңісі үшін қанша табыс тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасында сәтті өнер көрсеткені үшін қанша табыс тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Турнирге қатысқаны үшін Қазақстан құрамасы, С дивизионының басқа құрамалары сияқты 1,125 млн еуро көлемінде кепілдендірілген төлем алды. Бұл сома қорытынды нәтижеге байланысты емес. Өз тобының жеңімпазы бола отырып, Қазақстан бұл соманы екі есеге арттырып, нәтижесінде 2,25 млн еуро табыс тапты.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасынан 3 дивизион тобында бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатына жолдама алу үшін таласады.

Еске салсақ, ф утболдан Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан жеңіліп қалды.







Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар