Қазақстан құрамасы стенд атудан Әлем кубогында үшінші орын алды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 27 мамыр-8 маусым аралығында Бакуде (Әзербайжанда) өтіп жатқан нысана көздеу және стенд атудан рейтингілік Әлем Кубогына Қазақстан құрамасы да қатысып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Skeet командалық жаттығудың финалдық есебінде әйелдер арасында стенд атудан Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды.

Команда құрамында Зоя Кравченко, Рината Насырова, Әсем Орынбай бар.

Отандастарымыз тайландтық әйелдер командасын жеңіп, үшінші орынды иеленді.


Соңғы жаңалықтар