Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіру жарысынан күміс жүлде еншіледі

None
None
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін VІІІ қысқы Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіру жарысынан күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлестеріміз шаңғымен тұғырдан секіруден командалық жарыста Қазақстан ерлер құрамасы күміс жүлдені жеңіп алды.

Бұл бәсекеде сынға түскен Сабыржан Мүмінов, Константин Соколенко, Марат Жапаров және Сергей Ткаченко 771.0 ұпай жинап, жүлделі екінші орынға ие болды. Бас жүлдені  жарыс қожайындары еншіледі. Олар 975.6 ұпайға ие болды. Ал қола медальді Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. Олардың еншісінде 726.3 ұпай.

Бұл Қазақстан құрамасының қоржынындағы сегізінші күміс медаль. Барлығы 23 жүлде бар. Оның алтауы алтын болса, тоғызы қола медаль.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін биатлоншыларымыз аралас эстафета (2×6 км - әйелдер, 2×7,5 км -ерлер) аралықтан бір алтын, бір күміс медаль жеңіп алса, хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп қола жүлдені жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар