Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатына қатысатын хоккейшілер тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, ұлттық құрама бүгін, 3 мамырда Латвия астанасы Рига қаласына аттанады. Онда әлем чемпионатына дайындықтың екінші кезеңі басталады. Ұлттық құраманың бапкерлер құрамы оған шақырту алған хоккейшілер құрамын жариялады.

Еске салсақ, құраманың негізгі қақпашысы Никита Бояркин алған жарақатына байланысты әлем чемпионатына қатыса алмайды.

Оның орнына құрамаға Денис Каратаев шақырту алды.

Ұлттық құрамаға шақыртылған хоккейшілер тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Андрей Шутов («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Южный Урал», Ресей), Илья Румянцев («Арлан»), Денис Каратаев («Сарыарқа»);

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Валерий Орехов, Егор Шалапов (барлығы - «Барыс»), Джесси Блэкер («Автомобилист», Ресей), Даррен Диц (ЦСКА, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Ресей), Эмиль Нұрғалиев («Сарыарқа»), Виктор Сведберг («Авангард», Ресей), Иван Степаненко («Бейбарыс»);

Шабуылшылар: Павел Акользин («Металлург», Ресей), Әлихан Әсетов, Кёртис Волк, Дмитрий Гурков, Никита Михайлис, Егор Петухов, Кирилл Савицкий, Антон Сагадеев, Роман Старченко, Аркадий Шестаков (барлығы - «Барыс»), Максим Мухаметов («Номад»), Дмитрий Гренц («Торпедо»), Саян Данияр, Михаил Рахманов (екеуі - «Сарыарқа»), Батырлан Муратов («РоКи», Финляндия), Кирилл Панюков («Ак Барс», Ресей), Евгений Рымарев («Югра», Ресей), Дмитрий Шевченко («Авангард», Ресей).

Еске салсақ, әлем чемпионаты 13-29 мамыр аралығында Финляндияның Хельсинки және Тампере қалаларында өтеді.

Қазақстандық хоккейшілер А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар