Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде жоғарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингіде бір сатыға жоғарылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Жаңа рейтинг бүгін жарияланды. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингіде 113-орынға орналасқан.

Айта кетейік, рейтингінің көш басында 1 841 ұпаймен Бразилия тұр. Екінші орында Бельгия – 1 816, ал үштікті Аргентина түйіндеген – 1 773.

Сондай-ақ, алғашқы ондықта Франция (1 759), Англия (1 728), Италия (1 726), Испания (1 715), Нидерланд (1 694), Португалия (1 676) және Дания (1 666) бар.

Рейтингінің толық нұсқасын ФИФА-ның ресми сайтынан көруге болады.
Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар