Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде бір сатыға жоғарылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) 2018 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда бір сатыға көтерілді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
Қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 117 орынға жайғасты.
Қазақстан құрамасы қазан айында УЕФА Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Сырт алаңда Латвия құрамасымен 1:1 есебімен тең түссе, өз алаңында Андорра құрамасын 4:0 есебімен ұтты.
Станимир Стоилов командасы келесі ойынын 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвиямен өткізеді.
Кездесу Астана уақытымен 21:00-де басталады.
19 қараша күні біздің футболшылар сырт алаңда Грузиямен ойнайды.
Еске сала кетсек, қыркүйек айындағы рейтингте Намибия мен Зимбабве Қазақстанның алдына шығып кеткен болатын.
- Түркістан облысында тұрғындар көкпар ұйымдастыруды тоқтатпай отыр
- Теннис: Зара Дәркен Минскідегі турнирдің финалында жеңіліп қалды
- Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
- Олимпиада: Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды
-
Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды
-
Футбол: «Ақтөбе» футбол клубына жаңа бас бапкер тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам