Қазақстан құрамасы джиу-джитсудан Азия чемпионатында жеңіске жетті

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Ақтау қаласында джиу-джитсудан өткен Азия чемпионатында 14 алтын, 24 күміс және 23 қола медаль иеленді, де хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұғырдың бірінші сатысына қазақстандық спортшылар көтерілсе, екінші орынға Таиланд құрамасы орналасты. Үздіктердің үштігін Түрікменстан түйіндеді.

Жалпы, 20 елден 500 спортшы қатысты. Отандық джиу-джитсудың тарихында алғаш рет Азия чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында төрт бағытта өтті.

Қазіргі таңда спорттың аталмыш түрі Дүниежүзілік бағдарламалардың қатарына енген. Сондай-ақ, бір айдан кейін Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарына да кірді. Оларға Азия чемпионатының жеңімпаздары қатысады.

«Алдағы Азия чемпионатының ойындарына Таиландтың Пхукет қаласында жүріп дайындалдым. Біздің спортшылар Маңғыстау облысының тарихында алғаш рет Азия ойындарына барғалы отыр. Қазақстанның туын көкке көтеріп, алтын медаль иеленеміз деп кәміл сенеміз», - деді джиу-джитсудан Азия чемпионатының жеңімпазы Дархан Нұртаев.

Соңғы жаңалықтар