Қазақстан құрамасы Азиада-2018 жабылу салтанатына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Индонезия астанасы Жакартада өткен Азиада ойындарының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

Еске сала кетейік, Азиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы саны 76 медаль жеңіп алды. Оның 15-інде мемлекеттік әнұранымыз шырқалды. 17 спортшымыз күміс медаль еншілесе, 44 спортшы қоланы қанағат тұтты.

Жалпы медаль саны бойынша Қазақстан 9-орын алды. Алғашқы үштікке Қытай, Жапония және Оңтүстік Корея елдері табан тіреді.

Бұған дейін Қазақстан тәуелсіздік алғалы алғаш рет үздік бестік сапына енбей қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар