Қазақстан құрамасы әлемдік хоккей рейтингінде төменге сырғыды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық хоккей федерациясының (IIHF) жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтингте бірінші орынды бұрынғыша Канада құрамасы (3 990 ұпай) иеленіп отыр, шведтер (3 945) Ресейді (3 930) басып озып, екінші орынға көтерілді.

Қазақстан құрамасы екі позиция жоғалтып, 18-ші орынға жайғасты (2 760).

IIHF жаңартылған рейтингі:

1.     Канада - 3 990 ұпай
2. (3) Швеция - 3 945
3. (2) Ресей - 3 930
4. (6) АҚШ - 3 765
5. (4) Финляндия - 3 765
6. (5) Чехия - 3 690
7. (8) Швейцария - 3 590
8. (7) Германия - 3 575
9. (9) Норвегия - 3 270
10. (10) Словакия - 3 245
18. (16) Қазақстан - 2 760

Еске салайық, Қазақстан 2019 жылы ерлер командасы арасында бірінші дивизионда А тобының әлем чемпионатын қабылдайды. Дайындық аясында ұлттық құрама Аустрия және Италиямен кездеседі.

Қазақстандық команда 2019 жылы сәуірде чемпионаттың алдында Беларусьпен және Оңтүстік Кореямен ойнайды. 

Соңғы жаңалықтар