Қазақстан құқық қорғау органдарының делегациясы тәжірибе алмасу үшін Түркияда болды

None
None
ЫСТАМБҰЛ. 22 маусым. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Түркия Республикасының Әділет академиясы мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы С.Есқараев атындағы Прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру, заңдылық және құқық мәселелерін зерттеу институтының арасындағы Кәсіби тәжірибемен алмасу бағдарламасының шеңберінде

түрік әріптестерімен тәжірибе алмасу үшін Қазақстанның барлық облыстарының прокуратура, сот және ішкі істер органдарының өкілдерінен құралған еліміздің ведомствоаралық делегациясы Түркияда болып қайтты.

Қазақстан құқық қорғау органдарының өкілдері тергеуді жүргізудің қазіргі заманғы әдістерімен және ақпараттық технологияларымен, жандармерияның криминалдық бюросының жұмыс тәжірибесімен, маман этикасымен, жауап алу техникасымен және практикасымен, сондай-ақ заң медицинасымен танысты.

Делегация Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Ж.Түймебаевпен кездесті. Қатысушыларға қазақстан-түрік қатынастарының ағымдағы жай-күйі, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірлескен жобалардың іске асырылуы туралы ақпарат берілді.

Соңғы жаңалықтар