Қазақстан кубогы үшін ойында «Ақжайық» пен «Қайсар» тең түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан кубогы үшін топтық бәсекеде Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында Қызылорданың «Қайсарын» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл матч қоржынында 9 ұпайы бар қос команда үшін де маңызды болатын. Қай клуб ұтса, сол мерзімінен бұрын ширек финалға жолдама алатын еді.

Алдымен, «Ақжайықтың» қорғаушысы Эльдар Абдрахманов қолмен ойнап, тәртіп бұзғаннан кейін 10-минутта қонақтардан Елисей Горшунов айып добын әдемі орындай білді. Дегенмен, алты минуттан соң оралдықтар сапындағы грузиялық шабуылшы Тома Табатадзе таразы басын теңестірді – 1:1. Сөйтіп, Т. Табатадзе биылғы кубоктағы төртінші голын соқты.

Екінші тайм басында 49-минутта Бекзат Құрманбекұлы алыстан қақпа бұрышын дәл көздеп, «Қайсарды» тағы алға шығарды – 2:1. Дегенмен, 97-минутта қарсыластар сапындағы ресейлік Артур Газданов есепті теңестіріп кетті – 2:2.

Осылайша, «Қайсар» мен «Ақжайық» өз тобында 10 ұпаймен алда келеді. «Каспийдің» еншісінде 4, «Қызылжарда» 1 ғана ұпай бар. Қалған екі ойында «Каспий» ұпай жоғалтса, қызылордалықтар да, оралдықтар да ширек финалға шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан кубогы үшін ойында «Ақжайықтың» «Қызылжарды» ұтқанын жазған болатынбыз.


Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш.


Соңғы жаңалықтар