+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қазақстан Қосылмау қозғалысының министрлік конференциясына қатысты

2018 жылғы 8 сәуір 05:30
Бөлісіңіз:
Қазақстан Қосылмау қозғалысының министрлік конференциясына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған қазақстандық делегация Бакуде өткен Қосылмау қозғалысына мүше-мемлекеттердің «Тұрақты дамуы үшін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау» атты сыртқы істер министрліктерінің 18-ші конференциясына қатысты. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шараға Қосылмау қозғалысына қатысатын, сондай-ақ Қозғалыс жанындағы байқаушылар мәртебесіне ие 91 мемлекет пен халықаралық ұйымдардан, құрметті қонақтар ретінде шақырылған елдер мен ұйымдардың қатарынан 800-ден астам өкілдер қатысты.

Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қосылмау қозғалысының ауқымды күн тәртібінің маңыздылығы мен өзектілігін, сондай-ақ Қазақстанның ұстанымдары қозғалыстың көптеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Министрдің орынбасары Е. Ашықбаев Қосылмау қозғалысының басты қағидаларына айтарлықтай үйлесетін және сай келетін жаппай қырып-жою қаруын таратпау және халықаралық қауіпсіздікті күшейту салаларындағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі бітімгершілік және антиядролық бастамаларына назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстандық дипломат ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын дінаралық және мәдениетаралық диалогтың дамуына, тұрақты дамудың мақсаттарына жетуіне, әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуына деген Қазақстанның берік ұстанымын атап өтті.

Қосылмау қозғалысының негізгі мақсаты - Халықаралық құқық үстемділігі негізінде әлемдегі бейбітшілік, қауіпсіздік және дамуға жәрдемдесу болып табылады. Қазақстан БҰҰ және басқа да көпжақты құрылымдар шеңберінде және екіжақты форматта да Қозғалыстың барлық мүшелерімен ауқымды күн тәртібі бойынша тығыз қызмет істеуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT