Қазақстан көшпенділер ойындарында алғашқы «алтынға» қол жеткізді

None
None
ШОЛПАН-АТА. ҚазАқпарат - 3 қыркүйек күні ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ерлер және әйелдер арасында армрестлинг жарыстары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы Оксана Письменная (75 кг) қарсыластарына бет қаратпай, финалға шықты. Онда венгриялық Бригитта Иванфиді жеңіп, Қазақстан қоржынына ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының алғашқы алтын медалін салды.

Армрестлингтен күш сынасқан өзге жерлестеріміз - Вали Фараджов (75 кг), Антонина Лисянская ( +75 кг), Олег Сазонов (105 кг), Андрей Стипанчук (95 кг) және Димитрий Трубиндер (+105 кг) де финалға жолдама алған.

Соңғы жаңалықтар