Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министрдің дерегінше, әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан коронавируспен ауыру көрсеткіші бойынша 221 елінің ішінде 105-орында, ал өлім-жітім бойынша 106-орында тұр.

«18 мамырдағы деректерге сәйкес Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтиижесімен 362 030, теріс нәтижесімен 54 153 науқас тіркелген. Қазақстан «сары» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта алты өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары кіреді. «Сары» аймақта мына 5 өңір тұр: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. Ал қалған 6 өңір «жасыл» аймақта», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар