Қазақстан коронавирустың таралу деңгейі бойынша әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан коронавирус жұқтыру деңгейі бойынша әлемдік рейтингте 222 елдің ішінде 101 орында тұр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде 213 милионнан астам коронавирус инфекциясының жағдайы тіркеліп отыр. Тәулігіне 480 мыңнан астам жағдай тіркелуде, 4,4 млн адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 6 өңірінің ішінде 4 өңірде шілденің екінші онкүндігінен бастап ауру жұқтыру деңгейі өсіп отыр. Соңғы аптада ең көп ауру жұқтыру деңгейі Әзербайжанда тіркелді Апта ішінде ауру жұқтыру деңгейі 63 пайыз өскен. Жапонияда 34 пайыз, Изарильде 39 пайыз өсті. Қазақстанда бір аптада ауру жұқтыру деңгейі 7 пайызға түсті», - деген ведомство басшысы Қазақстанда соңғы аптада ауру жұқтыру көрсеткіші 7 пайызға төмендегенін атады.

«Әлемдік рейтингте бір миллион халыққа ауру жұқтыру және өлім жағдайы көрсеткіші бойынша Қазақстан 222 елдің ішінде 101 орында тұр», - деді министр.

Еске салсақ, Үкімет отырысында Премьер-министр Асқар Мамин Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссияға өңірлерде Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырды.

«Вакцинаның бірінші компонентін алғандардың саны 6,5 млн адамға жуық, ал екінші компонентін 5 млн-нан астам адам салдырды. Вакцина салдыру науқанын одан әрі күшейту қажет. Ведомствоаралық комиссияға эпидемиологиялық жағдай тұрақталып жатқан өңірлердегі Ashyq жүйесіне қатысатын бизнес субъектілері үшін демалыс күнгі шектеу шараларын жеңілдету мәселесін қарастыруды тапсырамын», - деген Премьер-министр бұл жұмыстағы жалпы бақылауды орынбасары Ералы Тоғжановқа тапсырды.


Соңғы жаңалықтар